Білім беру бағдарламалары

«Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы (тағам саласы бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалаврларын, техника ғылымдарының магистрлерін, техника және технология магистрлерін, философия докторларын (PhD) даярлау құқығы мемлекеттік лицензиялармен бекітілген.

ББ профилі

Жоғары инженерлік білім

Даярлау бағытының коды және атауы

6В072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламалары тобының нөмірі мен атауы

В068 Азық-түлік өнімдерін өндіру

Білім беру бағдарламасының (ББ) коды және атауы

6В07202 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

 

6В07202, 7М07202, 8D07202 «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы (тағам саласы бойынша)» білім беру бағдарламасы

Даярлау деңгейі

Бакалавриат

ББ профилі

Жоғары инженерлік-технологиялық білім

Білім беру бағдарламалары тобы

Азық-түлік өнімдерін өндіру

ББ коды және атауы

6В07202 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ өнеркәсібі бойынша)

Оқу траекториялары

1) Астық және жарма өнімдерінің технологиясы

2) Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы

3) Алкогольсіз сусындар және ашыту өнімдерінің технологиясы

Мансап мүмкіндіктері

Инженер-технолог, өндірістік учаске шебері, сапаны бақылау жөніндегі маман, технологиялық жабдықтарды пайдалану жөніндегі инженер, тағам өндірісінің технологы, өндірістік бөлімше басшысы

Қызмет саласы

Астық өңдеу, нан пісіру, макарон, кондитерлік, ашыту және шарап жасау өнеркәсібі кәсіпорындары, тағам өнімдерінің сапасын бақылау зертханалары, сертификаттау орталықтары, жобалау ұйымдары, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары

Негізгі құзыреттер

Технологиялық процестерді ұйымдастыру; өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау; технологиялық жабдықтарды пайдалану; өндірістерді жобалау және жаңғырту; цифрлық технологияларды қолдану; ғылыми зерттеулер жүргізу; еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

Даярлау деңгейі

Магистратура

ББ профилі

Ғылыми-педагогикалық

ББ коды және атауы

7М07202 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ өнеркәсібі бойынша)

Оқу траекториялары

1)  Астық өңдеу өндірістерінің технологиясы;

2) Нан, макарон және кондитер өндірістерінің технологиясы;

3) Ашыту және шарап жасау өндірісінің технологиясы

Мансап мүмкіндіктері

Бас технолог, тағам кәсіпорнының басшысы, сапа қызметінің жетекшісі, жоғары оқу орнының оқытушысы, ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, тағам қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы

Қызмет саласы

Ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, сертификаттау және стандарттау органдары, консалтингтік және инжинирингтік ұйымдар

Негізгі құзыреттер

Ғылыми зерттеулер жүргізу; өндірістік процестерді басқару; сапа менеджменті жүйелерін ұйымдастыру; инновациялық технологияларды әзірлеу; педагогикалық қызмет; зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу

 

Даярлау деңгейі

Докторантура

ББ профилі

Ғылыми-педагогикалық

Білім беру бағдарламалары тобы

Азық-түлік өнімдерін өндіру

ББ коды және атауы

8D07202 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ өнеркәсібі бойынша)

Мансап мүмкіндіктері

Қауымдастырылған профессор, профессор, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, ғылыми орталық жетекшісі, техникалық директор, кәсіпорын басшысы

Қызмет саласы

Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, инновациялық және технологиялық орталықтар, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, халықаралық зерттеу ұйымдары

Негізгі құзыреттер

Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; инновациялық технологияларды әзірлеу; биотехнологияларды пайдалану; ғылыми жобаларды басқару; ғылыми-педагогикалық қызмет; өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру

 

Білім беру бағдарламаларының қысқаша мақсаты

ББ коды

Бағдарламаның мақсаты

6В07202

Астық өңдеу, нан пісіру, макарон, кондитерлік, ашыту және шарап жасау кәсіпорындары үшін әмбебап және кәсіби құзыреттерге ие жоғары білікті мамандар даярлау.

7М07202

Қайта өңдеу өнеркәсібі саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алатын магистрлер даярлау.

8D07202

Қайта өңдеу өндірістері саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге және білім беру қызметін ұйымдастыруға қабілетті жоғары білікті ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлау.

 

Факультеттің кафедралары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз